- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ ауыл шаруашылығы саласындағы қайта өңдеу саласының проблемаларын анықтады
АШМ ауыл шаруашылығы саласындағы қайта өңдеу саласының проблемаларын анықтады
«Қазақстандық еттің Кедендік одақтағы бәсекеге қабілеттілігі туралы айтар болсақ, өздеріңізге белгілі, Беларусь Республикасы бүгінде қолданып отырған мемлекеттік қолдау жалпы өнімнің 18%-ідеңгейінде, Ресейде бұл шамамен 8%, ал Қазақстанда 4-5% көлемінде. Салаға бағытталған субсидиялаудың жалпы көлемін арттыра отырып, біз Кедендік одақ бойынша серіктестеріміздің мемлекеттік қолдау деңгейіне дейін көтеріле аламыз, сөйтіп, түпкі өнімнің, бұл жерде – еттің, бәсекеге қабылеттілігін арттырамыз. Ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу мен өндірістік қуаттың жүктемесін ұлғайтуға қатысты біз екі көкейкесті мәселені анықтадық, олар: шикізаттың жетіспеуі, оның өзіндік құны мен сапасы, сондай-ақ біздің қайта өңдеу кәсіпорындарымыздың техникалық және технологиялық жарақталуы. Шикізат жетіспеушілігіне келетін болсақ - «Агробизнес-2020» бағдарламасының негізгі міндеті етіп: ақшалай және нақты түрде еңбек өнімділігін арттыру алынған. Яғни, егер біз шикізаттың өзіндік құны туралы айтар болсақ, онда мысалы ауыл шаруашылығы құрылымдарында орташа есеппен бір мал басынан 2 200 литр сүт сауылады, ал ауыл шаруашылығы құрылымдарында – 3 900 литр. Егер Белоруссиямен салыстыратын болсақ, оларда бір мал басынан орташа есеппен 4 500 тонна болады, тиісінше, осының барлығы шикізаттың, бұл жерде –сүттің, өзіндік құнына әсер етеді», - деді ол.
Соныменн қатар, вице-министр сүттің 80% жеке шаруашылықтарда, ал Белоруссияда сүттің 80% ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндірілетіні туралы айтып та отырған жоқпын деп атап өтті.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі