• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД басшылары әлемдегі қауіпсіздікті сақтау шараларын нығайтады – ҚР Президенті (ФОТО)

ТМД басшылары әлемдегі қауіпсіздікті сақтау шараларын нығайтады – ҚР Президенті (ФОТО)

16 Қазан, 2015 13:57
ТМД мемлекеттерінің басшылары әлемдегі қауіпсіздікті сақтау шараларын нығайтуды көздеп отыр, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша.

«Біз өзіміздің кішігірім ортамызда ТМД-ның одан ары даму болашағын, ағымдағы жағдайын талқыладық. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері әлем жаһандық өзгерістерге ұшырауда. Экономика салдары және қауіпсіздік мәселелері жаңа жағдайларға бейімделмеуді, сәйкесінше дамымауды талап ете алмайды.  ТМД-да эвалюцияға ұшырауы керек, яғни жаһандық өзгерістерге тиімді әсер етуі тиіс»,  - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өзара талқыланған тақырыптардың бірі қауіпсіздік саласындағы халықаралық жағдай.

«Әлемдегі жағдайды тілге тиек ете отырып террористік топтардың белсенділігі артқанын айта кеткен жөн. Осы ретте халықаралық терроризм көптеген елдердегі жағдайға әсер ететінін және толығымен аймақтарға тиісіп жатқанын атап өткен дұрыс болар»,  - деп баса айтты ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев атап өткендей, «ТМД мемлекеттерінің басшылары заманауи тиімді шараларды қабылдау керек екенімен толықтай келіседі.  

«Бұған дейін БҰҰ-ның мінберінде хабарлағанымдай, БҰҰ-ның мақұлдауымен террористік топтармен күресетін дүниежүзілік желіні жасақтаған жөн. Бізге осы мақсаттағы жұмыстарымызды күшейту керек», - деп түйді Қазақстан Президенті.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар