- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе рельс-арқалығы зауытында алғашқы отандық рельс өнімі шығарылды
Ақтөбе рельс-арқалығы зауытында алғашқы отандық рельс өнімі шығарылды
Өткен жылдың желтоқсан айында Президент Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен АРАЗ-да «Қазақстанның жаңа индустриализациялаудың 2014 жылғы қорытындысы және алғашқы бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпы ұлттық телекөпір аясында рельс зауытының бірінші кезеңі іске қосылды.
Зауыт құрылысы мен оның өндірістік желісі қысқа мерзімде салынды. Бүгінгі таңда кәсіпорын дайын өнімдірді шығаруды бастады.
Салтанатты іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А.Мамин, «Siemens S.p.a» компаниясының бас директоры Джузеппе Феррарио, ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қырғызстан көлік және коммуникация министрі Арғынбек Малабаев, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖШС төрағасы Джавид Гурбанов қатысып, сөз сөйледі.
Шараға қатысушылар қатарында Парламент депутаттары, ТМД және Балтық жағалауы елдері темір жол әкімшіліктері мен темір жол өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың өкілдері болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А. Маминнің айтуынша, Мемлекет басшысының индустриялық бағдарламаға сай тапсырмасымен Қазақстанда қысқа мерзімде темір жол көлігін жасаудың жаңа саласы қалыптасты. Әлемдік жетекші компаниялар General Elektric, Alstom,Talgo, Siemens қатысуымен жүк және жолаушылар тепловоздарын, электровоздар, вагондар, ірі вагон құймаларын, инфрақұрылымдық техникалық құралдар шығарыла бастады.
А. Мамин сондай ақ, тұңғыш отандық рельс өнімінің Қазақстанның индустриялық тарихында маңызды оқиға екендігіне тоқталды.
АРАЗ-дың жобалық қуаты жылына 430 мың тонна металл өнімдерін шығаруға жетеді. Оның басты өнімі термоқысымға шыдамды Р-65 маркалы ұзындығы 120 метрге жететін жоғары жылдамдықты магистральға арналған рельстер шығарады. Оған қоса, жылына 230 мың тонна рельс арқаулары, бұрыштамалар, швеллерлер шығарады. Бұл темір жол өнімдері Қазақстанды ғана емес, көршілес мемлекеттердің де сұранысын қанағаттандырады.
Сондай-ақ, бұл күні Қазақстандағы темір жол көлігі машинасын жасау саласында серіктестік және болашағына арналған дөңгелек үстел отырысы да өткізілді. Ондағы талқылау барысында қазақстандық «Тұлпар-Тальго», «Электровоз құрастыру зауыты» (ЭҚЗ), «Локомотив құрастыру зауыты (ЛҚЗ) зауыттарындағы темір көлігі өнімдерінің тұсау кесері жасалып, оны экспортқа шығарудың «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен жүзеге асыру жайы сарапталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың айтуынша, Еуразиялық аймақтағы темір жол көлігі машиналары өнімдерін шығаратын зауыттар мен қаржылық институттардың арасында тығыз қарым-қатынас орнаған.
Оның ішінде атап айтарлығы, қазақстандық экспортта «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдау жүйесі туралы басқарма төрағасы Б.Жәмішев баяндады. Оның айтуынша, банк АРАЗ құрылысын қаржыландырып қана қоймай, ендігі жерде оның шетелдік тұтынушыларға өткізу жайын да міндетін алып отыр.
«Жинақ банкі» басқарма төрағасы А.Камаловтың айтуынша, қаржылық құрылым «ҚТЖ» ҰК» АҚ жобаларын белсенді қолдап келеді. Бұл өз кезегінде тауар айналымының жақсаруы мен ел экономикасының серпінді дамуына ықпал етеді.
А.Камалов ірі көлемдегі инфрақұрылымдық жобалардың ішінде АРАЗ мемлекет пен жеке бизнестің серіктестігінің ерекше үлгісі екендігіне тоқталып өтті.
Дөңгелек үстел отырысында Әзірбайжан, Белорусь, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанға АРАЗ дайын өнімдерін жеткізу туралы Меморандумға қол қойылды.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар