- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банк «Мешін жылы» мен «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс монеталарын шығарды
Ұлттық банк «Мешін жылы» мен «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс монеталарын шығарды
«Мешін жылы» монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын (күмістен жасалған монетада – «Ag 925 31,1 g», алтыннан жасалған монетада – «Au 999 7,78 g») білдіретін жазу бейнеленген.
Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне монетаның соғылған жылын білдіретін «2016» ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «Восточный календарь» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) тегіс, бедерсіз және жазусыз.
«Шыбыншы торғай» монетасының пішіні сопақ. Монетаның бет жағында (аверсінде) Жердің барлық тұрғындарына деген қамқор қатынасты білдіретін Жер планетасының адам алақанындағы стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу бейнеленген.
Айналдыра мемлекеттік тілде «Қазақстан Ұлттық банкіІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Монетаның сырт жағында (реверсінде) ағаш бұтағының арасындағы шыбыншы торғай бейнеленген. Шыбыншы торғайдың және жапырақтардың бір бөлігінің бейнесі тампографиялық басу көмегімен түс қосып орындалған.
Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде «Шыбыншы торғай» деген жазу, латын тілінде түрдің зоологиялық атауы «TERPSIPHONE PARADISI» және соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бар. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған,
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады