• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бейрутта Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Бейрутта Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

16 Қазан, 2015 20:07
Бейрут қаласында Иордан Хашимит Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Бердібай Ливан Республикасының Сыртқы істер және эмигранттар министрі Жебран Бассилмен кездесу өткізді, деп хабарлады СІМ.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, екі елдің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестігі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

 Қазақстандық дипломат Қазақстанның маңызды халықаралық бастамаларын, соның ішінде оның БҰҰ Адам құқытары кеңесінің мүшелігіне, Астанада «EXPO-2017» өткізілуіне, ИЫҰ жанындағы Азық-түлік қорын кұруға, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшелігінекөрсеткен қолдауы үшін Ливанға алғысын білдірді.

Ливанның Сыртқы істер министріекіжақты қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалап, олардың одан әрі арта түсетіндігіне сенімін білдірді.

Кездесу аяғында А.Бердібай мүдделі ливандық ұйымдар мен компанияларды 2015 ж. 27-30 қазанда Астанада өтетін «Astana Invest-2015» VI Халықаралық инвестициялық форумның жұмысына қатысуға шақырды.

 

 

Барлық жаңалықтар