• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық делегация ХКБ Бас Ассамблеясы атқарушы комитетінің отырысына қатысты

Қазақстандық делегация ХКБ Бас Ассамблеясы атқарушы комитетінің отырысына қатысты

16 Қазан, 2015 19:02
ҚР СІМ бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Парижде өткен Халықаралық көрме бюрасының (ХКБ) Бас Ассамблеясы атқарушы комитетінің отырысына қатысты.

Келелі кеңесте Астана – 2017, Дубай – 2020, Анталия – 2016 мен Бейжің – 2019 көрмелеріне дайындық барасы тыңдалды, деп хабарлады ҚР СІМ.

ЭКСПО-2017 комиссары халықаралық қатысушыларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, құқықтық негіздемені жасақтау, сонымен қатар Қазақстанның ХКБ алдындағы міндеттемелерін орындауы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Р. Жошыбаев  делегаттарға ЭКСПО-2017-ге қатысатынын  49 мемлекет пен 11 халықаралық ұйым ресми түрде растағанын хабарлады.

Бұдан басқа, ЭКСПО-2017 комиссары Парижде «AtoutFrance» Францияның туризм бойынша мемлекеттік агенттігі басшылығымен кездесті, онда тараптардың туризмді дамыту және ЭКСПО-2017 аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Барлық жаңалықтар