• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Болашақ» стипендиясы Ұлт жоспары мен ИИДМБ бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадр дайындауға бейімделуі тиіс – Мемхатшы

«Болашақ» стипендиясы Ұлт жоспары мен ИИДМБ бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадр дайындауға бейімделуі тиіс – Мемхатшы

16 Қазан, 2015 13:01
«Болашақ» стипендиясы Ұлт жоспары мен ИИДМБ бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадр дайындауға бейімделуі тиіс.Бұл туралы бүгін Астанада «Болашақ» бағдарламасының (BARCEF-2015) жыл сайынғы халықаралық конференциясында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық дамуын қамтитын негізгі бағыттарды анықтады.

 «Жоғары білікті кадрлар үшін күресте бәсекелестік жағдайында біз Президенттік стипендияны жан-жақты жетілдірудеміз. Атап айтқанда, біз оны елдің адами капитал сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастырудамы. Осы орайда ол білім алған әрбір маманға ерекше назар аударылатынын, Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа формацияның мамандары керек», - деді Г.Әбдіхалықова.

«ИИД МБ-ның екінші бес жылдығының аясында «Болашақ» инновациялық-тәжірибелік бағытқа негізделуі тиіс, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жобалары үшін кадрларды мақсатты даярлауға толықтай бағдарлануы керек. Сонымен қатар біз жас таланттарды қолдау бойынша мақсатын алға қойып отырмыз. Қазақстанда дарынды балаларды анықтау мен қолдаудың институционалдық негізі жұмыс істеуде», - деді ол.

«Жақын перспективада «Болашақ» «мектеп-ЖОО-«Болашақ» халықаралық стипендиясы» ұстанымы бойынша осы жүйеге біріктіріледі. Мұнымен қоса, үнемі бағдарламаның зерттеу әлеуетін ұлғайтып отыру керек және Қазақстандағы ЖОО-лардың білім беру үдерісене инновациялық бағдарламаларын енгізу арқылы ғалымдарды даярлауды күшейту керек», - деді Г. Әбдіқалықова. 

Г.Әбдіхалықова әрбір степендиатқа инвестицияланған мемлекеттік қаржы еселеніп білім мен тәжірибе ретінде қайтарылытындығына сенім білдірді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар