• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК мен ХЭК арасында техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы әріптестік жайында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

ЕЭК мен ХЭК арасында техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы әріптестік жайында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

31 Қазан, 2013 14:57
Бүгін Мәскеуде Еуразия экономикалық комиссиясының техникалық басқару бойынша министрі Валерий Корешков пен Халықаралық электротехникалық комиссияның Бас Хатшысы Франс Вреесвик техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы әріптестік жайында Еуразия экономикалық комиссиясы мен Халықаралық электротехникалық комиссия арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.

«Меморандумға сай ЕЭК мен ХЭК техникалық реттеу мен стандарттау салаларында өзара әріптестік құруға мүдделі. Әріптестіктің мақсаты бәсекеге қабілеттілік пен электротехникалық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық кедергілерді жою мен электротехникалық өнімдер саудасындағы әкімшілік бақылауларды алып тастау», - деді Валерий Корешков.

Хабарламада айтылғандай, меморандумда ЕЭК мен ХЭК халықаралық стандартар және Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің мемлекеттік және ұлттық стандарттарын халықаралық стандарттармен үндестіруге күш салады.

Алдын ала болжам бойынша, Меморандум аясындағы әріптестік ақпарат алмасу, екіжақты қызығушылықтарға бастама болу, соның ішінде ғылыми-техникалық және технологиялық реттеу мен стандарттау, электротехникалық тауарларды өндіріске енгізуде тәжірбие алмасу, электротехникалық өнімдерді реттеуде туындаған мәселелерді шешу және кеңес беру, Халықаралық электротехникалық комиссияның техникалық комитеті жұмысына Еуразиялық экономикалық комиссия сарапшыларын қатыстыру жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар