• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралады

Мәжілісте мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралады

16 Қазан, 2015 12:42
Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Халық қалаулылары назарына «Төрелік туралы» заң жобасы ілеспе құжатпен бірінші оқылымда ұсынылады.

Сонымен қатар, депутаттар мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарайды.

Осы күні Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялайды деп межеленуде.

Бұл ретте бірқатар ратификациялық құжаттарды жұмысқа қабылдамақ. Олар: Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі келісімінің баптарын, сонымен бірге, көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялауға қатысты болмақ.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне  экология бойынша түзетулерге байланысты жұмысты жалғастыру мәселесі де енгізілді.  

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар