• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында ағымдағы жылдың 9 айында 202,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді (ФОТО)

Ақмола облысында ағымдағы жылдың 9 айында 202,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді (ФОТО)

17 Қазан, 2015 10:02
Ақмола облысының аумағында ағымдағы жылдың 9 айында 202,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді, бұл 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы көрсеткішке 144,5% құрады, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігі.

Салушы тұрғын үйдің басым бөлігін - 183,5 мың шаршы метрін жекеменшік үлгіде тапсырды. 

Тұрғын үй құрылысына 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 17 млрд 793,1 млн теңге бағытталды, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 26,8%-ға жоғары. Негізгі капиалға жалпы инвестиция көлеміндегі тұрғын үй құрылысы инвестициясының үлесі  13,2 % құрады.

Ең көп тұрғын үй Көкшетау қаласында ( 80,1%-ға), сонымен қатар  Ақкөл ( 39,1%-ға), Зеренді (36,2%-ға) мен Целиноград (35,5%-ға) аудандарында пайдаланылуға берілді. Жалпы, пайдаланылуға берілген тұрғын үйлердің негізгі үлесі  Көкшетау қаласы (88,8 мың шаршы метр немесе 43,9 %) мен  Целиноград ауданына  (56,4 мың шаршы  метр немесе 27,9 %) тиесілі.

Жалпы, 1 741 пәтер пайдаланылуға берілді. Қалалық жерлерде тұрғын үйдің 45,8% және ауылдық жерлерде  54,2% пайдаланылуға берілді.

Барлық жаңалықтар