Астана әкімі Миландағы Мэрлер Саммитіне қатысты

16 Қазан, 2015 15:03
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2015 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің астанасы Милан қаласына жасаған ресми сапары аясында Мэрлер Саммитіне қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Қалалық азық-түлік саясатының Милан Конвенциясына қол қоюы Мэрлер Саммитінің басты тақырыбына айналды. Аталған Конвенцияны ЭКСПО-2015 көрмесінің ең маңызды мұрасы деп атайды. Әлемнің жүзден аса қаласы бекіткен халықаралық протокол азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік жүйелерін дамытуға негізделген. Урбанизацияның қарқынды процесі салдарынан аталған пакт дұрыс тамақтану мен тұрақты тағам мөлшерін, қала және қала маңында азық-түлік өндіруді және азық-түлік саласындағы қызметті үстемелеуді көтермелеуге бағытталған.

Бекітілген Конвенция Бүкіләлемдік азық-түлік күнінің салтанатты рәсімінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға таныстырылады, аталған шараға Ә.Жақсыбеков те қатысады.

 

Барлық жаңалықтар