• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Қазақстан ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жұмыс жасауда

Н. Назарбаев: Қазақстан ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жұмыс жасауда

16 Қазан, 2015 11:54
Қазақстан ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық үшін жұмыс жасауда, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдағы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.

«Бүгінгі ТМД  мемлекет басшылары кеңесінің отырысы  Достастықтағы  Қазақстанның төрағалығымен өтуде. Қазақстан  ТМД құрылғалы бері біздің елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастық  үшін жұмыс жасауда», - деді Елбасы.

Қазақстан Президентінің айтуынша, бұл 11 посткеңестік  кеңістік елдерін қосып отырған  бірегей алаң, өңірде оған ұқсас алаң жоқ. «Біз мұнда халықаралық саясаттың ең өзекті  мәселелерін талқылап, пікір алмаса аламыз. Бүгінгі шара ТМД елдерінің дамуына өз үлесін қосып, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына әкеледі», - деді  Елбасы.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, бүгінгі отырыстың күн тәртібі 17 мәселені қамтиды.

«Мәселелердің ауқымды блогы тәртіп пен қауіпсіздікті қамту саласына бағытталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда. Бекітілген құжаттар ынтымақтастықтың тереңдеуіне әсер етеді", - д»ді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Ақмола облысының Бурабай ауылында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Шара барысында достастық аясындағы ынтымақтастық талқыланады. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар