• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев А.Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен және А.Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады

Н.Назарбаев А.Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен және А.Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады

16 Қазан, 2015 11:42
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының Бурабай ауылында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекет басшылары кеңесінің ашылуында Беларусия Президенті Александра Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен және Алмазбек Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтады.

«Менің ойымша, кеңесімізді бастамас бұрын әріптесіміз, әрі досымыз Александр Григорьевич Лукашенконы президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтағанымыз дұрыс болар және жауапты қызметте табыс тілейміз.  Сіздің басшылығыңызбен  барлық бағыттар бойынша біздің интеграциялық процестеріміз күшейе түседі деген сенімдемін», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қырғызстан халқы мен Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевты сәтті парламенттік сайлауды өткізуімен құттықтады.  

«Қырғызстан халқы мен Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевты парламенттік сайлауды сәтті өткізуімен құттықтағым келеді.  Бұл өте жақсы, себебі алғаш рет көптеген жылдар ішінде сайлау  өте тыныш өтті және халық кезекті рет өзінің даналығын көрсетті.  Жогорку Кенештің жаңа құрамы сенімдеріңізді ақтайды деген ойдамын. Құттықтаймын!», - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар