• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл соңына дейін ҚР-да 68 инвестициялық жоба падалануға беріледі – ҚазАгро

Жыл соңына дейін ҚР-да 68 инвестициялық жоба падалануға беріледі – ҚазАгро

31 Қазан, 2013 15:00
Қазақстанда жалпы құны 160 млрд. теңге болатын 243 жоба іске қосылды, 2013-жылы 68 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл туралы ОКҚ брифингінде «ҚазАгро» басшысы Дулат Айтжанов хабарлады.

«Холдинг жобаларын жүзеге асыру құс еті импортын 52,3%, сүт импортын 18% төмендетуге, маусым аралығындағы көкөніс жетіспеушілігін 53% қысқартуға және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қоймасының жетіспеушілігін 39% азайтуға мүмкіндік береді. Жобалардың жүктемесіне келетін болсақ, бүгінгі күні 145 жоба 70-тен 100% дейін; 12 жоба - 50%-ден 70% дейін; 14 жоба - 20% -50%; 46 жоба 20% дейін жүктемеге ие», - деді Д. Айтжанов.

Сонымен қатар, Тақауда болып өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы айтып өткендей, кәсіпорындар жүктемесі мәселесі әлі де бар. Үстіміздегі жылы Холдинг Астананың азық-түлік белдеуін дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың жүктемелеріне талдау жасады деп атап өтті ол.

«Талдау көрсеткендей, кәсіпорындардың өндірістік жүктемелерінң негізгі проблемасы жүйелі сипатта болып келеді, сондықтан оларды үш негізгі блокқа бөлуге болады: бизнестің маусымдылығы, өндірістік сипаттағы мәселелер, дайын өнімді сату мәселесі. Шетелдердің осындай мәселелерді шешудегі тәжірибесін талдай келе, холдинг Астана қаласының үлгісінде тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі Тұжырымдаманы әзірледі. Бұл жоба ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен елорданың сауда желілері арасында қолдауға ие болды. Ол іске қосылғаннан кейін біз оны астанада және басқа да өңірлерде таратпақшымыз», - деді компания басшысы.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар