• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Жұмағалиев Қазатомөнеркәсіптің ұйымдық құрылымын өзгерту туралы айтып берді

А.Жұмағалиев Қазатомөнеркәсіптің ұйымдық құрылымын өзгерту туралы айтып берді

16 Қазан, 2015 11:38
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ жоспарларында жақын арада ұйымдық құрылымын өзгерту және бәсекелі ортаға компанияның бейінді емес активтерін өткізу көзделген, деп хабарлады ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев.

«Кәсіпорындардың географиялық орналасуын оңтайландыру және өндіріс барысын қатаң қадағылау тұрғысында Алматы қаласындағы басшыларды Шымкент пен Қызылордаға көшірудеміз. Бұл шараның қаржылай тиімділігі де бар – біз кеңселерімізді кенорындарымыздың қасында орналастыру арқылы шамамен 300 млн теңгені үнемдей аламыз», - деп түсіндірді А. Жұмағалиев.

Оның айтуынша, бүгінде 5 кәсіпорын түрленсе, тағы 4-де көшу соңына таяп қалды. Жыл соңына дейін тағы бір еншілес компанияны көшіру жоспарланған.

А. Жұмағалиев, хабарлағандай, компанияның жоспарларында жақын арада ұйымдық құрылымын өзгерту және бәсекелі ортаға компанияның бейінді емес активтерін өткізу көзделген.  2019 жылға дейін Қазатомөнеркәсіп  құрамынан 27  бейінді емес кәсіпорынды шығару жоспарланған.

Сонымен қатар, А. Жұмағалиев толықтырып кеткендей, бейінді емес кәсіпорындарды компания құрамынан шығару өндірумен айналысатын кәсіпорындарға қатысты емес.  

Барлық жаңалықтар