- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АШМ электрондық үкімет порталы арқылы 50 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті
ҚР АШМ электрондық үкімет порталы арқылы 50 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді дамыту үрдісі қарапайым фермердің қызметті алуға өтінімді үйден шыкпай-ақ беруге жағдайын жасауға бағытталған. Әрбір көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша нақты қызмет берушілер, көрсету мерзімдері және қажетті құжаттардың тізімі анықталған стандарттар мен регламенттер әзірленіп бекітілді.
Мысалы – ауыл тұрғынына дәстүрлі (қағаз) нысанда мемлекеттік қызметті алу үшін аудан, кей жағдайларда облыс орталығына барып, тиісті Министрліктің аумақтық бөлімшесіне немесе әкімдікке жазбаша түрде жүгінуге, оған қоса мемлекеттік қызметтің нәтижесін күтуге уақыт жоғалту қажет. Ал енді фермер өтінімді қожалықтағы жұмыстан қол үзбей-ақ ала алады.
Десек те, мемлекеттік қызметтің көрсетілуін электрондық нысанға аудару дәстүрлі қағаз нысанда көрсетілудің қысқарылуын білдірмейді. Ескішке әдіспен сансыз кезекте күтіп үйренгендерге аталған балама әліде қызмет етуде. Бұдан басқа бір қатар елді мекендерде ғаламтор байланысының жоқтығынан аталған нысан әлі де өзекті болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу - сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге өз ықпалын тигiзбек. Себебі қызмет алушымен лауазымды тұлғаның тікелей қатынасы төмендейді не болмаса мүлдем жойылады.
Сондай-ақ, Министрлік жыл сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу мерзімін қысқартуға ұмтылуды. Осылайша, 2012-2015 жылдары мелекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімі орта есеппен 33%-ға төмендеді. Қызмет алушыдан сұратылатын құжаттар саны қысқартылуда, тек 2015 жылы ғана құжатар саны орта есеппен 20%-ға қысқартылды.
Мысалы, 2014 жылы «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде тыңайтқыштарға субсидиялар алудың уақыты 30 жұмыс күнін қамтитын. Бүгінде аталмыш қызметтің көрсетілу мерзімі 6 күнге дейін қысқарды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары