• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Жұмағалиев: «Қазатомөнеркәсіпті» трансформациялау әлемдік нарықта уран жеткізуші компаниялардың көшін бастауға мүмкіндік бермек

А.Жұмағалиев: «Қазатомөнеркәсіпті» трансформациялау әлемдік нарықта уран жеткізуші компаниялардың көшін бастауға мүмкіндік бермек

16 Қазан, 2015 11:07
"Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ трансформациялау бағдарламасының арқасында әлемдік нарықта уран өндірісі бойынша ғана емес, сонымен қатар уран жеткізу бойынша да көшбасшы позицияларға көшуі тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада ұлттық атом компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

 "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы бүгін трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Нақты айтқанда, онда "Қазатомөнеркәсіптің" жаңа стратегиясында 2025 жылға қарай компанияның құнын 3 есеге ұлғайту сияқты дамудың шешуші мақсаттары белгіленіп отыр.

А. Жұмағалиевтің айтуынша, өндірісті әртараптандыру әлемнің атом электр стансалары үшін дайын өнім сату арқылы компанияның қосымша табыс табуына мүмкіндіктер ашады.

Трансформация аясында маркетинг қызметін нығайтуға да жете мән берілмек. Аталмыш блокты күшейтумен қатар xалықаралық ірі уран өндіруші компаниялар тәрізді "Қазатомөнеркәсіп" өнімдерін саудалайтын трейдинг компаниясын құру да жоспарланған.

А. Жұмағалиев компанияда қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы күшейтіліп, пайдалы қызмет көрсеткішінің орындалуына қарай еңбекке ақы төлеудің сараланған жүйесі енгізілетінін, қызметкерлердің жеке өсуі мен көшбасшылық сапасын дамыту үшін барлық жағдай жасалатынын атап көрсетті. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар