• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан халқының саны 2015 жылдың 1 қыркүйегіне сәйкес 17 млн 584 мың адамды құрады

Қазақстан халқының саны 2015 жылдың 1 қыркүйегіне сәйкес 17 млн 584 мың адамды құрады

16 Қазан, 2015 16:37
2015 жылдың 1 қыркүйегінде еліміздегі халық саны 17584,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10000,6 мың (56,9%), ауылдықтар – 7583,4 мың адамды (43,1%) құрады, деп деді ҰЭМ Статистика комитеті.

2015 жылғы қаңтар-тамызда халық саны жалпы ел бойынша 166,4 мың адамға немесе 1,0% өсті, 2014 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 253,5 мың адамға немесе 1,46% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015ж. қаңтар-тамызда туылғандар саны 264,9 (266,2) мың адамды құрады, бұл 2014ж. қаңтар-тамызға қарағанда 0,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,69 (23,13) туылғандарды құрады.

2015ж. қаңтар-тамызда республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,5 мың адамға немесе 1,4% азайып, 174,9 (177,3) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,98 (15,41) адамды құрады.

2015ж. қаңтар-тамызда республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 2 566 (2 703) адамды құрап, 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% азайды.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-тамызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,2% артып, 10 852 адамды құрады.

Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 5,0% көбейіп, 17 519 адамды құрады, көші-қонның айырымы -8 492 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 86,5% және 90,6% құрады.

 Қарастырылып отырған кезеңде 2014ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 22,0% көбейіп, 310158 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,4% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (28 063 адам), Астана (369 адам) қалаларында және Ақмола (1 834 адам), Қостанай (791 адам), Маңғыстау (641 адам), Атырау (269 адам) облыстарында қалыптасты.

 

 

 

Барлық жаңалықтар