Бурабайда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтуде

16 Қазан, 2015 15:50
Ақмола облысының Бурабай ауылында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы өтуде. Кеңестің отырысына Қазақстан Президенті Н.Назарбаев, Армения Президенті С.Саргсян, Беларусия Президенті А.Лукшенко, Қырғызстан Президенті А.Атамбаев және РФ Президенті В.Путин қатысуда.

ЖЕЭК саммитінде бірлестіктер ауқымындағы ықпалдастық үдерістерді дамытуға баса көңіл бөлінеді. Күн тәртібіне сондай-ақ халықаралық қызмет, басқа да ықпалдастық құрылымдарымен және елдермен ынтымақтастықты нығайту мәселелері енгізілген.

Сонымен қатар отырыс қорытындыларымен Одақтың болашақтағы экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілейтін құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Атап айтқандай, ЖЕЭК қатсушылары «2015-2016 жылдарға арналған ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарына» және «ЕАЭО-ның негізгі серіктестерімен орташа мерзімге сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту тәсілдеріне» қол қояды.

Бұдан басқа, тараптар кадрлық және ұйым қызметінің ағымдағы мәселелерін талқылайды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар