Бурабайда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды

16 Қазан, 2015 11:20
Ақмола облысының Бурабай ауылында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды. Шара барысында достастық аясындағы ынтымақтастық талқыланады.

Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда.

Тараптар құқыққорғау саласы  мен төтенше жағдайларды  жою саласында  бірқатар халықаралық келісімге қол қояды деп жоспарлануда.

Кездесу қатысушылары лаңкестік қаупіне бірлесе қарсы тұру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Достастық қатысушы-елдері күш-қуат құрылымдарының ынтымақтастығы және басқа да негізгі мәселелерді қамтитын тақырыптар топтамасын талқылайды.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения президенттерінің қатысуымен ЖЕЭК саммитінде бірлестіктер ауқымындағы ықпалдастық үдерістерді дамытуға баса көңіл бөлінеді. Күн тәртібіне сондай-ақ халықаралық қызмет, басқа да ықпалдастық құрылымдарымен және елдермен ынтымақтастықты нығайту мәселелері енгізілген. Отырыс қорытындыларымен Одақтың болашақтағы экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілейтін құжаттарға қол қою жоспарлануда. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар