• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ет экспорты әлеуетін арттыру жобасы аясында ҚР-да 56 репродуктор-шаруашылық құрылды

Ет экспорты әлеуетін арттыру жобасы аясында ҚР-да 56 репродуктор-шаруашылық құрылды

31 Қазан, 2013 14:53
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «ҚазАгро» Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов «Ірі қара еті экспортының әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жайында баяндады.

«Холдинг өңір әкімдіктерімен біріге отырып жобаны орындау бойынша атқарылатын шаралардың жоспары дайындалды. Мемлекет басшысының «Ірі қара еті экспорты әлеуетін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ет экспортына қатысты айтқан сынынан кейін Холдинг тұқымды ірі қара малын сатып алуды қарждыландырып, жануарларға қора салу бойынша жұмыстарды қолға алды» , - деді ол.

Республика бойынша 56 репродуктор-шаруашылық құрыла бастады, 4 қора салынып, 12 бордақылау жобасы іске қосылды.

«Репродукторларды құру аясында холдинг 32 мың бас малды тасымалдау мен 35 бордақылау орнын салуды қаржыландырды. Соның ішінде «ҚазАгро» үлесі 18 мың», – деп түйіндеді Д.Айтжанов.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар