- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімі мен ҚР-дағы Нидерланды елшісі корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін талқылады
ШҚО әкімі мен ҚР-дағы Нидерланды елшісі корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін талқылады
Екі жақ адамның негізгі құқықтары мен бостандығын сақтаудың заманауи жағдайы және корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін талқылады.
Кездесудің бас кезінде облыс әкімі Даниал Ахметов келген қонақтарға аймағымыз туралы айтып, оның индустриалды-инновациялық дамуына, агро өнеркәсіптік кешенінің қарқынды нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар, ол өңірімзде бүкіл әлем бойынша санаулы өндірістердің қатарына кіретін өнеркәсіптер бар екендігін атап өтті.
Нидерландының Сыртқы істер министрлігінің Адам құқықтары жөніндегі елшісі Кейс Ван Бар Шығыс Қазақстан туралы қызықты ақпараты үшін облыс әкіміне алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол адам құқықтарын ұстану, бүкіл әлем елдерінің тұрғындарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатына тікелей әсер ететініне жиналғандардың назарын аударды.
«Біз қазір корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілікке аса көңіл бөлудеміз», - деп атап өтті елші мырза. – Кезінде бұл ұғым жергілікті фудбол командасын қолдау, балалар үйін салу мен өзге де шаралар ретінде қарастырылатын. Ал, бүгінде корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау сынды бизнестің барлық түріне қатысты стандарттарды ойластыруда.
Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде бизнестің түрлі саласында көптеген жобалар жүзеге асырылған.
Сондай-ақ, кездесу барысында голландиялық инвесторлардың қатысуымен «Answer» ҚҚ салған, бұрын сотталғандарға арналған оңалту-бейімделу орталығына қатысты мәселелер талқыланды. Өткен жылдың қыркүйек айында Өскемен қаласының мамандандырылған соты ғимараттың құрылысы заңсыз екендігін айтып, «Answer» ҚҚ-на орталықты бұзуды міндеттеген болатын.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов кездесу кезінде тиісті басқармаларға оңалту орталығына байланысты мәселелерді 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында шешу үшін, шара қолдануды тапсырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді