- Басты
- Жаңалықтар
- Бас Прокуратурада бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың қорытындысы талқыланды
Бас Прокуратурада бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың қорытындысы талқыланды
Алқа жұмысына Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, Жоғарғы соттың, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, облыстық әкімдіктердің басшылары қатысты.
Алқада қылмыстық жағдайға теріс әсер ететін және құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар егжей-тегжейлі сараланып, ұрлықтың алдын алу бойынша шаралар ұсынылды.
Қадағалау органының басшысы құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықты ескертудің пәрменді тәсілдерін әзірлеу мәселелерінде құқық қорғау және атқарушы органдар арасында тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетіп, профилактика жүйесінде қылмыстық мінез-құлықтың алғышарттарын тудырушы әлеуметтік-құқықтық факторларды жою жөніндегі шараларға басымдық берілуі тиіс екендігін атап көрсетті.
Осы мақсатта құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибесін пайдалану ұсынылды.
Жұмыссыз адамдар үшін ақы төленетін, бірақ кәсіби біліктілік пен дайындықты талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған шараларға басымдық беру қажеттілігі айқындалды.
Бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оларды еңбекпен қамту аясында жұмыс орындарының квотасын арттыру, «нөлдік келісім-шарт» негізінде сағаттап қана есептелетін шағын еңбекпен қамтуды білдіретін ағылшын тәжірибесін енгізу, сондай-ақ бір жолғы күндік жұмыс берумен шұғылданатын нүктелерді көптеп ашу ұсынылды.
Ұрланған заттарды анықтау және оларды сатуға тосқауыл қою жөніндегі жұмысты күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мысалы, ұялы телефондар ұрлығының ашылуын арттыру үшін IMEI-кодтардың бірыңғай мәліметтер базасын құру және ұрланған немесе контрабандалық жолмен әкелінген телефон аппараттарын оқшаулау жүйесін енгізу ұсынылды.
Сондай-ақ көшелерге, тұрғын-үй кешендеріне, қоғамдық көліктерге сапалы бейнебақылау жүйесін қондыру проблемаларын кезек күттірместен шешу ұсынылды. Қоғамдық орындардағы және көшелердегі тұрақты полиция бекеттерінің жүйесін, сондай-ақ облыс орталықтары мен ірі қалалардағы жылжымалы полиция бекеттерін көбейту қажеттігі айтылды.
Қоғамдық тәртіпті күзетуге жұртшылықтың қатысуын кеңейту ұрлықтарды ескерту мен олардың жолын кесудегі ықпалды әрекет ретінде танылды. Құқық тәртібін күзету саласындағы қоғамдық институттардың шетелдік тәжірибелерін ескере отырып, азаматтарды құқық бұзушылықтың профилактикасына белсенді тарту үшін материалдық ынталандыру, ақшалай сыйақының мөлшерін арттыру, олардың қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысу мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды.
Осы және басқа да шараларды бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою жөніндегі ведомствоаралық жоспар аясында жүзеге асыру ұсынылды және осы жоспарды әзірлеу барлық мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырылды. Бас Прокурор атап өткендей, көзделіп отырған жүйелі шаралар профилактикалық жұмыстың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталуы тиіс, қылмысты ескерту мен жолын кесу, құқықтық тәртіп мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша сәйкес шараларды қамтуы тиіс.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда