- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгін Бурабайда ТМД мемлекет басшыларының кеңесі және Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
Бүгін Бурабайда ТМД мемлекет басшыларының кеңесі және Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді
Кездесуге қатысушылар лаңкестік қаупіне бірлесе қарсы тұру, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Достастық қатысушы-елдері күш-қуат құрылымдарының ынтымақтастығы және басқа да негізгі мәселелерді қамтитын тақырыптар топтамасын талқылайды.
Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты үндеу қабылдануы жоспарлануда,
Бұдан басқа, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді деп күтілуде.
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения президенттерінің қатысуымен ЖЕЭК саммитінде бірлестіктер ауқымындағы ықпалдастық үдерістерді дамытуға баса көңіл бөлінеді. Күн тәртібіне сондай-ақ халықаралық қызмет, басқа да ықпалдастық құрылымдарымен және елдермен ынтымақтастықты нығайту мәселелері енгізілген. Отырыс қорытындыларымен Одақтың болашақтағы экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілейтін құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Айта өтейік, кеше Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин екіжақты кездесу өткізді, онда олар екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың кеңістігін кеңейту туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады