- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының Шиелі ауданы көгілдір отынға қосылды
Қызылорда облысының Шиелі ауданы көгілдір отынға қосылды
Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ арасында былтыр жасалған меморандумға сәйкес, Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын газдандыруға қажетті қаражат бөлінген. Ал, облыстың қалған аудандары келесі жылы газбен қамтылатын болады. Ол жұмыстарға қажетті 16 млрд. теңгені Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі инвестициялайтын болады.
«Елбасының тапсырмасымен газдандыру жұмыстары өңірде қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда газды аудан орталықтарына жеткізетін құбырлары салынып бітті. Өткен аптада жаңақорғандықтар көгілдір отынға қосылса, енді міне Шиелі ауданы қуанышқа кенеліп отыр. Келер жылы қалған үш ауданда газдандыру жұмысы басталады. Сол кезде облыстың 83 пайыз халық тұратын аумақ газдандырылады. Айта кетейін, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетілетін болады», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Үйлерге газ қосып, тұрғындарға жылу мен қуаныш сыйлай отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ халықтық компания екенін тағы бір дәлелдеді. Оған мысал, жыл сайын Ұлттық оператор республика бойынша 35 мыңнан астам абоненттің үйіне газ кіргізіп отыр. Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жоба аясында бір ғана Қызылорда облысында биыл 1250 км газ құбыры салынды. «ҚазТрансГаз» әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоятын компания. Істеп отырған жұмысымыз түгелдей халықтың тұрмысын жақсартуға еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған», - деді «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Серік Естай.
Бүгін үйіне алғаш болып көгілдір отынды кіргізген Айтуаровтар отбасы. Олардың қуанышында шек жоқ. Талай жылғы армандары орындалғанына риза.
«Жасыратыны жоқ бастапқыда газ келеді дегенде күмәнмен қарағанбыз. Бірақ Елбасының қолдау көрсеткен жобасы жүзеге асты. Біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, енді от жағып, күл шығармаймыз», - дейді Шиелі ауданының тұрғыны Ардақ Айтуаров.
Айта кету керек, келесі аптада Қазалы ауданын газдандыру басталады, одан кейінгі кезекте – Арал ауданы.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі