- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК екі офицері Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясынан Қазақстанға оралды (ФОТО)
ҚР ҚК екі офицері Батыс Сахарадағы БҰҰ-ның миссиясынан Қазақстанға оралды (ФОТО)
Әскери қадағалаушыларға қойылатын талаптарды мінсіз және үлгілі орындағаны үшін бітімгершілік миссияны орындау барысында офицерлер БҰҰ-ның медальдарымен марапатталды. Қазір үйлеріне оралып, капитан Темірлан Мүсәпіров пен майор Бақтияр Ақбалаев ҚР ҚК-дегі өздерінің қызметтеріне кірісіп те кетті.
Қазіргі уақытта әскери бақылаушылар ретінде БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларында жеті қазақстандық сардар қызмет өткеріп жатқанын айта кеткен жөн. Атап айтсақ, бесеуі Батыс Сахарасында (MINURSO) және екеуі Кот-д Ивуарда (UNOCI).
Жалпы алғанда, Қазақстан Батыс Сахарасындағы, Кот- д'Ивуардағы, Гаити мен Либериядағы БҰҰ-ның әрбір миссиясына бес офицерге дейін жолдауға әзір. БҰҰ-ның мандатына сәйкес әскери бақылаушылардың негізгі міндеттері жерүсті және әуеден патрульдеуді, түнгі бақылау бекетін ұйымдастыру мен өткізуден, алынған ақпаратты жинау және сараптаудан, қол қойылған келісімдердің сақталу және орындалу мониторингісінен, сондай-ақ жауапкершілік аймағында бұзушылықтарды айқындаудан тұрады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді