• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметі республикалық бюджет шығыстарын 65,6 млрд теңгеге оңтайландыруды жоспарлады - Е.Досаев

ҚР Үкіметі республикалық бюджет шығыстарын 65,6 млрд теңгеге оңтайландыруды жоспарлады - Е.Досаев

31 Қазан, 2013 14:40
2013 жылы республикалық бюджет шығыстарын 6 033,4 млрд теңгеге дейін немесе 65,6 млрд теңгеге оңтайландыру ұсынылады, деп хабарлады ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

«Түсімдер бойынша нақтыланған болжам мен тапшылықтың азайтылуын ескере отырып, республикалық бюджет шығыстарын 6 033,4 млрд теңгеге дейін немесе 65,6 млрд теңгеге оңтайландыру ұсынылады», - деді министр.

Жалпы алғанда, Экономика министрлігі басшысының айтуынша, шығыстарды азайту 165,8 млрд теңгені құрайтын болады, оның ішінде, мемлекеттің міндеттемелерін орындауға байланысты қалыптасқан үнемдеу есебінен 29 млрд теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде қалыптасқан үнемдеуден 19 млрд теңге және күтілетін толық игерілмеу 117,8 млрд теңге.

Осы қаражаттың бір бөлігі жалпы сомасы 100 млрд теңге ірі инвестициялық жобаларға жұмсалатынын айта кеткен жөн.

«Жезқазған–Бейнеу» теміржол желісінің құрылысына 30 млрд теңге, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 30 млрд теңге, ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындыққа 20 млрд теңге және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ-ң алдындағы Астана қаласының апатты жағдайдағы тұрғын үйлерін бұзу жобасын іске асыруға берілген кредиттерді қайтаруға 20 млрд теңге жұмсалатын болады», - деп мәлімдеді ҚР ЭБЖМ басшысы.

 

Барлық жаңалықтар