• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Сенатының депутаттары мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңды қабылдады

ҚР Сенатының депутаттары мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңды қабылдады

15 Қазан, 2015 17:39
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заң қабылдады.

Сенаторлар егжей-тегжейлі талқылай келіп, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңды қабылдады. Мемлекеттік органдардың өкілеттігін заңнамалық реттеу үшін заң жобасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі тиісті құзыреттер бекітілген.

Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобасын қолдаудағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуы жөніндегі құқықтық өкілеттіктер айқындалған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құқықтық режимі нақтыланған, ол жекеше әріптестің инвестициялық шығынын өтеген кезде мемлекеттік меншікке беруге жатады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес заң жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының орындалмауына ықпалын тигізетін өздерінің шарттық міндеттерін бұзған жағдайда жекеше әріптесті алмастыру жөніндегі ережелермен толықтырылған. Мұндай алмастыру айрықша мәнді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына ғана қатысты жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар заңнамаға мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы түзетулер де қабылданды. Атап айтқанда, Бюджет кодексі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттық қатынастар шеңберінде бюджеттен төлемдерді жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік міндеттемелерді жоспарлау мен орындау, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының республикалық немесе жергілікті тиесілілік өлшем шарттарын анықтау мәселелеріне қатысты ережелермен толықтырылады. 

Барлық жаңалықтар