• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Өзін-өзі реттеу туралы» заңжобасында жаңа кәсіпкерлік қызметті реттеу институты енгізілуде

«Өзін-өзі реттеу туралы» заңжобасында жаңа кәсіпкерлік қызметті реттеу институты енгізілуде

15 Қазан, 2015 17:08
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Өзін-өзі реттеу туралы» заңжобасы қаралды.

Айта өтейік, құжат өзін-өзі реттеуді заңнамалық бекітуге бағытталған, бұл мемлекеттік реттеуге балама болады, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстарды төмендетуге әкеледі, сондай-ақ реттеудің икемділігі мен нарыққа қатысушылардың мүдделерін тиімді есепке алуды қамтамасыз етеді.

Заң жобасы базалық қағидаттар мен құрылу мақсаттарын, мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, өзін-өзі реттейтін ұйымдар органдарының құрылу және жұмыс істеу тәртібін, лауазымды адамдарының өкілеттіліктерін, сайлау тәртібін және жауапкершілігін, сондай-ақ қатысушылардың қағидалар мен стандарттарды сақтауын бақылауды іске асыруды белгілей отырып, коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамаға сәйкес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық нысан ретінде өзін-өзі реттейтін ұйымды құрудың құқықтық негіздерін бекітуді көздейді. Бірінші оқылымда заңнамаға өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша түзетулер қаралды.

Сонымен қатар, заң жобасы «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес әзірленген және өздері белгілеген стандарттар мен қағидаларды сақтай отырып, кәсіпкерлік және кәсіби қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеу институтын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. 

Барлық жаңалықтар