• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 69 тауар өндіруші қатысқан мал шаруашылығы кластері құрылды - ҚазАгро

ҚР-да 69 тауар өндіруші қатысқан мал шаруашылығы кластері құрылды - ҚазАгро

31 Қазан, 2013 14:35
Отандық ет өнімдерін сыртқы нарыққа шығару жөнінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы ОКҚ брифингінде «ҚазАгро» басшысы Дулат Айтжанов айтып өтті.

«69 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (АШТӨ) қатысуымен мал шаруашылығы кластері құрылды, олардың саны әлі де өсе беретін болады. Кластердің басты мақсаты АШТӨ мен мал өнімдерін қайта өңдеушілердің күш-жігерін сыртқы нарыққа шығаруға және ішкі нарықты толтыруға жететіндей сапалы әрі бәсекеге қабылетті өнім көлемін ұлғайту», - деді Д. Айтжанов.

Сондай-ақ, ол  қазақтандық етті Ресей Федерациясына шығаруға арналған трейдингтік компания құрылды, оның негізгі міндеті: мал өнімдері өткізу барысында экспорттық бағыттар мен логистиканы анықтау; дайын өнімді экспортқа шығарып, мал өнімдерін бірыңғай «KazMeet» брендімен экспорттаудың маркетингтік саясатын қалыптастыру екендігін атап өтті.

 «Ресейлік бизнесмендер біздің етке үлкен қызығушылық танытуда, осыған байланысты біз қазір Ресейдің аумағында сауда-логистикалық инфрақұрылым салу жөніндегі мәселені қарастырудамыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда», - деді ол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар