- Басты
- Жаңалықтар
- В.Путин: Каспийде мұнай өндіру бойынша үлкен жоспарларымыз бар
В.Путин: Каспийде мұнай өндіру бойынша үлкен жоспарларымыз бар
«Бүгін өте нәтижелі келіссөздер өтті. Олар дәстүрлі түрде ашық және достық қарым қатынаста өтті. Біз сауда-экономикалық қарым-қатынас спектрі бойынша пікір алмастық, сауда, инвестиция, энергетика, көлік, ғарыш, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану салаларына ерекше назар аударылды», - деп атап өтті В.Путин.
«Біздерде Каспийден бірлесіп мұнай өндіруге қатысты зор жоспарлар бар. Біз Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы 1998 жылғы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойдық. Бұл екі елдің компанияларына Орталық құрылымдағы ірі көмірсутек кен орнын игеруге кірісуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар екі елдің арасындағы энергия жүйесі де 200 жылдан бері синхронды режімде жұмыс істеп тұр. Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің ортақ электр энергиясы нарығын құру бағдарламасы әзірленіп жатыр», - деді РФ Президенті.
В.Путин хабарлағандай, екі ел сауда-экономикалық қатынастың белсенділігін сақтап қала білді.
«Қаңтар-шілде айларында сауда айналымы рубьлмен есептегенде 23%-ға артты. Ал, қазақстандық экономикаға деген жалпы ресейлік инвестициялар көлемі 9 млрд доллардан асып жығылды. Ал, Қазақстанның Ресейге инвестициясы шамамен 3 млрд долларды құрады. Осы ретте ресейлік бизнес қазақстандық экономиканың барлық бизнес түрлерінде бар. Бүгінде 5,8 мың бірлескен кәсіпорындар ашылды және табысты жұмыс істеуде», - деді В.Путин.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады