- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Ислам лаңкестікке қарсы» форумын құруды ұсынды
Н.Назарбаев «Ислам лаңкестікке қарсы» форумын құруды ұсынды
Астанада Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі аяқталды. Кездесу барысында екі ел басшысы экономиканы дамытудың ең тиімді тұстарын талқылады. Сондай-ақ «Ислам терроризмге қарсы» форумын құру мәселесі көтерілді.
«Біз «Ислам терроризмге қарсы» форумын құру идеясын көтеріп отырмыз. Қазақстан мен Ресей әлемде қалыптасқан мәселеге көзқарасы ортақ. Осы мәселе төңірегіндегі пікір алмасу кезінде біздің мүддеміз тағы да бір жерден шықты», - дейді Н.Назарбаев.
«Біз келіссөздер барысында әлемдік экономикадағы проблемалардың салдарын жеңілдетудің нақты шараларын белгіледік. Бұл – Қазақстан арқылы жүк тасымалдау мәселелерін пысықтау, көмір өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық және Каспий теңізін жағалай Парсы шығанағына тартылған жаңа жол арқылы жүк тасымалдау мәселелері. Сонымен қатар, біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі жобасын аяқтау жайын, сондай-ақ инфрақұрылымдық ынтымақтастықтың өзге де шарттарын талқыладық. Осы салалардағы серіктестікті одан әрі дамытудың болашағы зор», - дейді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің айтуынша, екі ел арасындағы тауарайналым көлемі 21 млрд долларға жуықтаған.
«Ресей компаниялары қазақстандық көмірсутек шикізатының ірі кен орындарын әзірлеуге қатысып жатыр. Қазақстанға 5600 ресейлік кәсіпорын капитал тартқан. Бүгінгі күні индустрияландыру картасы аясында Қазақстан 20 ірі бірлескен инвестициялық жобаны іске асырды, төртеуі орындалып жатыр және 3 жобаны болашақта қолға алады», - дейді Н.Назарбаев.
-
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды -
Тоқаев: Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды -
Тимур Құлыбаев бірыңғай ахуалдық орталық құруды ұсынды -
AFSA COVID-19 жаһандық пандемиясына жауап ретінде қаржы нарығын қолдау шараларын ұсынды -
Корея елшісі карантинде көретін фильмдер тізімін ұсынды -
Нұртөре Жүсіп ЖОО-ларда конфликтология факультетін ашуды ұсынды -
«Digital Samruk» конференциясында Қазпошта бизнестің цифрлық инновацияларын ұсынды -
Кәсіподақтар федерациясы еңбек туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды -
«Астана Опера» Ресейде «Жібек саты» опера-фарсын ұсынды -
Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты -
АХҚО Алматы қаржы форумын өткізіп жатыр