2015 жылы Астанадағы №10 емханада 200 ота жасалды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2015 15:49
Жыл басынан бері біз 237 ота жасадық, деді Астананың №10 қалалық емханасының амбулатория хирургиясы бөімінің меңгерушісі Руслан Азмағамбетов.

«Жыл басынан бері 237 ота жасалды. Біз ахуалды дамытудамыз, болашақта одан да көп ота жасауды жоспарлап отырмыз», - деді Р.Азмағамбетов.

Өз кезегінде Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ерік Байжүнісов емханалар косметологиялық ота жасау арқылы табыстарын ұлғайту мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Жалпы, бұл бізде ондай ота жасау  мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Бұрындары кез келген стационар мұндай ота жасауға қауқары жетпеді. Уақыт өте келе қызмет алаңын кеңейтуге болады. Қазір мамандарды дайындау маңызды, қалған жағдай болады», - деді Е.Байжүнісов.

Айта кетейік, Астананың №10 қалалық емханасы «100 мектеп-100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынды.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар