Аршалы ауданындағы 19 ауылдық мектеп спорттық жабдықтармен қамтылды

15 Қазан, 2015 15:34
Аршалы ауданындағы 19 ауылдық мектеп спорттық жабдықтармен қамтылды, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігі.

Аршалы ауданында Денсаулық пен спорт фестивалі өтті. Шара аясында қатысушылар мини-футбол, эстафета және арқан тарту жарыстарында бас сынады.

Денсаулық және спорт фестивалін қорытындылай келе,  аймақтағы 19 ауылдық мектептің директорларына жобаны жүзеге асыруға көмектескені үшін алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің 33 мұғаліміне инновациялық әдіс бойныша тренингтен өткені туралы сертификат табысталды.

Айта кетерлік жайт, шара 19 ауылдық мектепті спорттық жабдықтармен жабдықтауға және оқу орындары үшін 700 түрлі жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік берді.

Барлық жаңалықтар