- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жыл басынан бері 286 мүгедек жұмысқа орналасты
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 286 мүгедек жұмысқа орналасты
«Жыл басынан бері жұмыспен қамту органына 392 мүмкіндігі шектеулі адам хабарласты, оның ішінде 204 ауыл тұрғыны бар. Нәтижесінде 286 маңғыстаулық жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 63 адам тұрақты жұмыс орнына, 118 қоғамдық ақылы жұмыстарға, 17 жастар тәжірибесімен, 52 уақытша жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының қатысушы атанған 66 мүгедектің 25 жұмысқа орналастырылды. Инфрақұрылым мен тұрғын үй коммуналды шаруашылықты дамытуға 12 жан, өз кәсібін дамытуға микронесие беру бойынша 7 маңғыстаулық қамтылды», - деді Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Владислав Трифонов.
Оның айтуынша, Қазақстанда «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң және Әкімшілік кодекс жұмыс істейді. Онда заң талаптарын орындамған адам әкімшілік шауапкершілікке тартылатыны ашық көрсетілген. Алайда заң астындағы көптеген актілер жетілдірілмеген, сондықтанда нормативті құжаттарда көптеген дүниелер көрініс таппайды. Осы ретте ҚР ДСӘДМ аталмыш саладағы заңжобаны дайындауда.
«Қиындығы сол, көптеген тұрғызылған нысандардың басым бөлігі бірнеше жылдар бұрын салынған, сондықтанда оларға қосымша подъездер, пандустар салу техникалық тұрғыда мүмкін емес. Бүгінде балама ретінде пандус орнына көтерме алаңдарды салу қарастырылуда», - деп атап өтті В. Трифонов.
Ағымдағы жылы аймақтағы әлеуметтік маңыздағы 28 нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуы үшін талапқа сай жөндеуден өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді