• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев В.Путиннің мемлекеттік сапарын Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті

Н.Назарбаев В.Путиннің мемлекеттік сапарын Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті

15 Қазан, 2015 13:00
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің келіссөздері өтуде. Елбасы В.Путиннің мемлекеттік сапарын Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Сіздің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз біздің ел үшін ерекше оқиға.«Ресей біз үшін стратегиялық серіктес әрі одақтас болып табылады. Біз бірлесе Еуразиялық экономикалық одақта өзара іс-қимыл жасаудамыз, екіжақты контексте біздің елдер экономикалық, ғылыми, гуманитарлық салаларда жобаларды табысты жүзеге асыруда. Сондықтан да біз бүгінгі кездесуге айрықша маңыз беріп отырмыз. Кездесу елдердің ынтымақтастығы үшін тың серпін береді деген сенімдемін», - деді Мемлекет басшысы.», - деді Н.Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге.

«Мен бұл кездесу екі елдің ынтымақтастығына дипломатиялық серпін туғызатынына сенімдімін. Өзара тауар айналымының төмендеуі белгілі жағдай. Бұл уақытша өзгеріс деп есептейміз. Сондай-ақ, біз ЕАЭО аясында болсын, ұлттық дәрежеде болсын жедел үйлестірілген шаралардың қабылдануы керектігін түсінеміз. Экономикалық проблемалар мен ЕАЭО құрылуын біріктіру үшін қорларды қолдану қажет», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақты жақсарта түсу үшін екіжақты байланысты жетілдіру қажеттігін айтты.

«Еуразиялық одақ ұйымның барлық мүшелері тең дәрежеде болған жағдайда жұмыс істей алады. Біздің шенеуніктер өздерін халықаралық шенеуніктер ретінде сезініп, ЕАЭО елдерінің қызығушылығы мен экономикалық ұстанымы жолында еңбек ету қажет. Ертең Бурабайда ТМД елдері басшыларының кеңесі және Еуразия жоғарғы экономикалық кеңесінің жиыны өтеді», - Н.Назарбаев.

Барлық жаңалықтар