- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары 12 мың адамға жасалды
Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары 12 мың адамға жасалды
Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға 1 қазаннан бастап, 1 желтоқсан дейін халық көп шоғырланған елді мекендердегі тұрғындарға екпе егу жоспарланған. Оның ішінде жүкті әйелдерге де екпе жасау қарастырылған.
Көп жылғы талдау көрсеткендей мамандар Ақмола облысы аумағында тұмаудың эпидемиологиялық маусымы қазаннан сәуір айына дейін жалғасатынын болжап отыр.
Осы мақсатта тұмауға қарсы екпе егу үшін 2015-2016 жылдарға облыстық бюджеттен 3 миллионнан астам теңге қаражат бөлініп, 48 мың мөлшер (доза) сатып алынған.
Бұл ретте, Нидерландылық «Инфлювак» вакцинасы пайдаланылып отыр. Вакцинаның құрамында A(H3N2) және А(H1N1), сондай-ақ, тұмаудың В типті түріне қарсы әрекет ететін антигендік штамм бар.
Вакцинаны негізінен (асқынған өкпе, жүрек-қан тамырлары, иммунитеті төмен, жиі-жиі ауыратын балалар мен балалар үйі, мектеп-интернатының тәрбиеленушілері және қариялар үйі мен медицина қызметкерлері, жүкті әйелдерге) егу көзделген.
Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша 12 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе алған. Сонымен қатар, қосымша жұмыс берушілердің жеке қаражаты есебінен де екпе алу қарастырылған. Ақылы екпені Көкшетаудағы №1 және орталық қалалық емханасында алуға болады. Мұндағы вакцинаның құны 1800 теңгені құрайды.
Ақмола облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз хатшысы Үміт Таңдаева атап өткендей, вакцинаның қорғаныс әсері екпе алғаннан кейін 14 күн өткен соң басталып, 6 айдан 12 айға дейін жалғасатын болды. Жалпы, бүгінгі күні Ақмола өңірінде тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде