Қазақстан Президентінің арнайы елшісі Сан-Мариноға барды

15 Қазан, 2015 13:47
2015 жылдың 14 қазанында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков Қазақстанның Президентінің арнайы елшісі ретінде Қазақстан кандидатурасын 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз өкілі ретінде ұсыну үшін Сан-Мариноға барды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сан-Мариноның сыртқы істері саясатының мемлекеттік хатшысы Паскаль Валентинмен ҚР Президентінің арнайы елшісімен кездесуде   А.Волков  Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ахуалы мен БҰҰ орны туралы баяндады.

Қазақстандық өтініш елдің сыртқы саяси саласы болып есептеледі, ол халықаралық күн тәртібінің шешілуінде ерекше  маңызға ие.

«Сан-Мариноның сыртқы саяи ведомствосының басшысы Қазақстанның ұмтылысы мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мен Сирия дауларының реттелуіне атсалысып, келіссөздерді өткізуге арнайы алаң ұсынған ұстанымын жоғары бағалады»,- делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар