• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Байжунісов: Қалалық емханалардағы ақылы медициналық қызметтің құны 10 пайыздан аспайды (ВИДЕО)

Е.Байжунісов: Қалалық емханалардағы ақылы медициналық қызметтің құны 10 пайыздан аспайды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2015 12:54
Қалалық емханалардағы ақылы медициналық қызметтің құны 10 пайыздан аспайды, деді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ерік Байжүнісов №10 қалалық емхананың баспасөз туры кезінде.

«ҚР Үкіметі бекіткен кепілдендірілген медициналық көмектің көлемі барлығына тегін көрсетіледі. Аталмыш тізім кеңейді. Қалалық медициналық  ұйымдарда ақылы қызмет көрсету 10 пайызға тең. Негізгі бұл салалар стоматология, ортопедиялық көмек, алдын ала тексеру, УЗИ, пластикалық хирургия, косметикалық қызмет», - деді Е.Байжүнісов.

Айта кетейік, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы Е.Байжүнісовтың төрағалығымен №10 қалалық емханасында баспасөз туры өтті. Аталмыш мекеме «100 мектеп-100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Өз қызметін 2014 жылдың наурызында бастаған болатын. Шара барысында емхананың басшылығы журналистерге емхананың жұмысы Call-орталық, «Triage-жүйе», пациенттің электронды картасы жүйелері енген соң қалай өзгергендігі туралы айтты.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар