• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте экология мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасы таныстырылды

Мәжілісте экология мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасы таныстырылды

15 Қазан, 2015 11:56
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

«Заңжобасында қолданыстағы табиғатты қорғау бойынша заңнамаларды жетілдіру, құрлықтық шельфте жер қойнауын пайдалану  құқығын мемлекеттік шекараларды басып өту барысында пайдалану бойынша кейбір мәселелерді реттеу қарастырылған», - деп атап өтті энергетика вице-министрі энергетики Мағзум Мырзағалиев, заңжобасын таныстыру барысында.

Сонымен қатар, құжат мемлекеттік органдардың экология саласында атқаратын міндетін оңтайландыруды регламенттейді. Мәселен, мемлекеттік органдармен берілетін құжаттардың саны азаяды. Яғни,  экологиялық сараптаманың қорытындысын және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатты біріктіріп мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына айналдырады да,  бір мезгілде қоршаған табиғи ортаға эмиссиялар нормативтері белгіленетін болады.

Айтылған рәсім 1-категориялы объектілерге қарастыру мерзімін 4 айдан 2 айға дейін және берілетін құжат тізімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеке стандарттардың болу мүмкіндігін,  өндірісте апаттық жағдайдың алдын алу мақсатында «шекті қажеттілік» институтын енгізеді.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Мәжіліс депутаты, комитет мүшесі Нұрғали Әшімнің айтуынша, аталған заң жобасы рұқсат беру тәртібін жеңілдетеді және инвестициялар тартуға, экологиялық таза технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар