• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Цой: Форум әлемдік үздік мамандарға радиология саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді (ФОТО)

А.Цой: Форум әлемдік үздік мамандарға радиология саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді (ФОТО)

15 Қазан, 2015 11:24
Радиологтардың еуразиялық форумы қазақстандық радиология ғалымдар мен әлемнің үздік мамандарын кездестірді, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой VI Радиологтардың еуразиялық форумында.

«Көптеген елдер мен Қазақстанның жетекші мамандарының қатысуымен өткізіліп отырған кездесу жинақталған тәжірибемен, радиологиялық ғылым мен тәжірибе бағытындағы жетістіктермен бөлісіп, аталған бағыттың даму туралы ой бөлісуге мүмкіндік береді», - деді Алексей Цой.

А.Цой  осыған дейінгі жылдарда сияқты форумның мақсаты ғалымдардың, дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушыларының Радиологтардың еуразиялық форумында кездесуі – уақыт талабынан туындаған әрі қажетті пікір алмасу екендігін атап айтты.

«Аталмыш форумда менің әріптестерім жақсы мектепке ие болып, халықаралық серіктестіктің дамуына әкелетініне сенім білдіремін. Бұл кездесу радиология саласында үздік мамандардың тәжірибе алмауына жол ашады», - деді вице-министр.

Форум  жұмысына Радиологтардың еуропалық қоғамы,  Кардиорадиологтардың еуропалық қоғамы сынды ірі халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Украина және Әзербайжан елдері радиологтары ұлттық медициналық ассоциацияларының өкілдері қатысты.

Барлық жаңалықтар