- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада радиологтардың VI Еуразиялық форумы өз жұмысын бастады
Астанада радиологтардың VI Еуразиялық форумы өз жұмысын бастады
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай,форум жұмысына Радиологтардың еуропалық қоғамы, Кардиорадиологтардың еуропалық қоғамы сынды ірі халықаралық ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Украина және Әзербайжан елдері радиологтары ұлттық медициналық ассоциацияларының өкілдері қатысты.
Шара ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Астана медициналық университеті және «Қазақстандық радиологиялық қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой ғалымдардың, дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушыларының Радиологтардың еуразиялық форумында кездесуі – уақыт талабынан туындаған әрі қажетті пікір алмасу екендігін атап айтты.
«Көптеген елдер мен Қазақстанның жетекші мамандарының қатысуымен өткізіліп отырған кездесу жинақталған тәжірибемен, радиологиялық ғылым мен тәжірибе бағытындағы жетістіктермен бөлісіп, аталған бағыттың даму туралы ой бөлісуге мүмкіндік береді», - деді Алексей Цой.
Бүгінде ауруды анықтау барысында рентгенорадиологиялық тәсілдерді қолдану өте маңызды. Соңғы онжылдықта ғылыми-техникалық үдерістің нәтижесінде ауруды анықтау мақсатында магнитті-резонансты томография, ультрадыбыстық және интервенциялық зерттеулер сынды жаңа технологиялар пайда болып, тәжірибеде сәтті қолданылып келеді. Дегенмен, республикадағы емдеу және ауруды анықтау қызметі аталған түрінің көптеген аспектілері едәуір қайта құру мен оңтайлы ұйымдастыру жұмыстарын талап етеді.
Осы тұрғыда екі күн ішінде ғалымдар мен дәрігерлер сәулелі диагностиканың тиімділігі мен сапасын арттырудағы өзекті мәселелерді талқылап, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, радиология саласына алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру шаралары туралы ойларын ортаға салатын болады.
Форум аясында Смоленск және Санкт-Петербург (Ресей) қалалары профессорларының басшылығымен шеберлік сыныптары өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, радиологтардың I Еуразиялық форумы 2005 жылы Астана қаласында өткен болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын