• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЖҚЖК-2020: Ақмола облысының 400-ге жуық ауыл тұрғыны өз кәсібін ашуға шағын несие алады

ЖҚЖК-2020: Ақмола облысының 400-ге жуық ауыл тұрғыны өз кәсібін ашуға шағын несие алады

15 Қазан, 2015 12:32
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және тірек ауылдарды дамыту» аясында Ақмола облысының ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлеріне 258 қарыз немесе жалпы сомасы 711,9 млн теңгені несиеге беру қарастырылған, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Айта өтейік, оның ішінде жалпы сомасы 223 млн теңгені құраған 95  шағын несиені ұзақмерзімге беру көзделген. «Ережеге сәйкес бұл қаржы қорға бұрынғы займшылар қайтарған қаражат. Яғни 2013-2014 жылдар аралығында берілген несиені қайтару арқылы. Ал, қалған жоспар бойныша 163  займды беру  үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 488,9 млн теңге бөлінді. Жалпы, 2011-2014 жылдар аралығында жалпы сомасы 2 млрд 767 млн теңгені құраған  1172 шағын несие берілді», - делінген хабарламада.

Хабарланғандай, 9 қазандағы жағдай бойынша аймақтың ауыл тұрғындары Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына 413 өтініш беріп үлгерген. Бүгінде оның 230 мақұлданса, жалпы сомасы 511,9 млн теңгені құраған 216 шағын несие берілді. Осылайша 152 займ немесе 364,6 млн теңге республикалық бюджеттен берілді. Ал, 64  шағын несие немесе 147,3 млн теңге  қаржыны қайта инвестициялау есебінен несиеге берілді.

Айта өтейік, ЖҚЖК-2020 бағдарламасының екінші бағыты – ауыл тұрғындарын оқыту  аясында  ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша  Астана, Көкшетау мен Атбасар қалаларындағы Қазақ кәсіби академиясымен 287 тыңдаушыға сертификат берілді.

Барлық жаңалықтар