- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы бірнеше есеге өсуі мүмкін - ИДМ
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы бірнеше есеге өсуі мүмкін - ИДМ
«Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі екі құралын көріп отырмыз. Біріншіден, бұл біздің елдердің арасындағы үкіметаралық комиссия. Оның аясындағы барлық өзекті мәселелерді талқылап, шешеміз. Біздің сарапшылар бүгінгі отырыстың Хаттамасын дайындауға байланысты үлкен жұмыс атқарды. Сауда-экономикалық,қаржы-банк, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы, энергетика, мәдени және туризм, денсаулық сақтау, ғылым мен технология салалары бойынша ынтымақтастық мәселелері әзірленді»-деп атап өтті Ә.Исекешев.
Тағы бір құрал ретінде министр өткен жылы екі елдің президенттері қол қойған Жол картасын айтты. Бұл құжат Қазақстан мен Иранның мүддесін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.
Министрдің айтуынша, Астана мен Тегерен бірнеше сала бойынша екіжақты байланыстарды белсенді арттыруда. Мысалға, 2014 жылы Қазақстан-Иран бизнес форумында Н.Назарбаев пен Х.Рухани Қарағанды облысында Бөрлі мыс-молибден кеніші базасында гидрометаллургиялық кешеннің құрылысын салу туралы Келісімге қол қойды.
Жұмыстар 2015 жылдың аяғына дейін аяқталады. Жалпы 540 млн. теңгенің жұмысы орындалды.
Жаңа технологиялар мен ғылым саласы бойынша 2015 жылы 22-24 щілдеде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА өткен Қазақстан-Иран іскерлік форумында Иранның Қазақстандағы ғылыми және технологиялық парктерінің технологиялық ынтымақтастық орталығы ашылды.
«Орталықтың негізгі мақсаты R&D саласында, екі елдің компаниялары және ғылыми-зерттеу мекемелеріарасындағы ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ, бірлескен жобаларды үйлестіру үшін инвесторлар мен технологиялар тарту. Бұл орталық технологиялар мен тәжірибе алмасу бойынша екі ел арасындағы негізгі көпір саналады» -деп атап өтті Ә.Исекешев.
Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – көлік саласы. Өткен жылы желтоқсанда Қазақстан, Иран, Түркіменстан президенттерінің қатысуымен үш елді қосатын жаңа теміржол желісі ашылды. Аталған магистраль аталған елдер арасындағы жүк тасымалын қысқа жолмен және тікелей жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2015 жылдың қаңтар-шілдесі аралығындаа Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 359,8 млн. АҚШ долларын құрады. 2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда Ираннның қатысуымен өкілдіктер мен филиалдар, 491 заңды тұлға тіркелген, оның 159 жұмыс істеп тұр. 2014 жылы екі ел арасындағы 2 302,77 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1168,58 мың тоннаға артық.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция