- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЕЭК мүшелерінің отырысы өтті
Астанада ЕЭК мүшелерінің отырысы өтті
«Жұма күні Бурабайда Мемлекет басшыларының деңгейінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық мәселесін талқыладық. Біз Жоғары кеңестің күнтәртібін талқыладық, яғни онда 15 мәселе қамтылған, екеуі негізгі болып болады. Дәл осы екі мәселеге қатысты шағын құрамдағы кездесуде ұзақ талқылаулар жүргіздік. Оның біріншісі алқа мүшелерінің (Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы) санына қатысты болды. Бүгінде әр елден үш мүшеден қамтылған. Жалпы он бес мүше бар. Қазіргі кезде үшеу, екеу немесе басқа формат талқылануда», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б. Сағынтаев.
Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев талқылаулардан кейін бұл мәселе мемлекет басшыларының деңгейіне шығарылатындығын, президенттер қабылдаған шешімге сәйкес бұл формат айқындалатынын хабарлады.
Бұдан басқа ол келесі негізгі мәселе алқаға төрағалық ететін елге қатысты болғанын атап өтті.
«Бірінші мерзім Ресейдің төрағалығымен өтті. Виктор Христенко (Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы) төрт жыл қызмет атқарды және қазіргі кезде мерзім аяқталуда, сондай-ақ алқадағы барлық мүшелердің де мерзімі тәмамдалуда. Жаңа жылдан бастап бізде жаңа адамдар, жаңа төраға келеді. Атап айтқанда, бұл мәселе де мемлекет басшыларының деңгейінде талқыланып, олар тиісті шешімді қабылдайды»,-деп түйді Б. Сағынтаев.
Анар Тәңірқұлова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті