- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысындағы Көксу қант зауыты алғашқы қант өнімін алды (ФОТО)
Алматы облысындағы Көксу қант зауыты алғашқы қант өнімін алды (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, Елбасымыз өткен жылдың тамыз айында өңірге жасаған іссапарында Алматы облысына қант қызылшасының орталығы атағын қайтару тапсырмасын қойған.
«Бүгінгі күні зауытқа 25 мың тонна қант қызылшасы жеткізілді. Тәтті түбірдің өткізілген әр тоннасына шаруаларға 13 000 теңгеден және одан бөлек әрбір тонна қызылша үшін мемлекеттен қосымша 1 500 тг. ақы төленуде. Биылғы қант қызылшасының сапасы мен қанттылығы жоғары. Өздеріңіз көріп отырғандай, қызылшаны өңдеу процесі қызу жүруде.Бірнеше арнайы құрылғылардан өткен қант қызылшасы зауыттың екінші басынан әппақ қардай дайын өнім болып шығуда» - деп атап өтті хауыт директоры Алтынбек Абатов.
Айта кетерлік жайт, биылғы жылы қант қызылшасы себілген алқаптардың әр гектарынан шаруалар 700 – 750 центнерден өнім алып жатыр. Тәтті түбірдің салмағы 5-7 келіге дейін барады. Бұл бұрын-соңды болмаған нәтиже.
«Жалпы облыстың 5 ауданына жалпы көлемі 4000 гектарға қант қызылшасы себілді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруаларымыз жанар-жағармайға, өткізілген өнімге, тыңайтқыштар мен тұқымдыққа субсидия бөліп, ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. Ауа райының өзі де осы игі істі қолдағандай жағымды да жайлы күн райын сыйлады. Зауытымыз да ағымдық жөндеу жұмыстарынан өтіп, шаруалардың өнімін қабылдауға толықтай дайын қалыпқа келтірілді», - деді өз сөзінде аймақ басшысы А.Баталов.
«Осылайша, заманауи технологиялар мен сапалы тұқымдарды себу, жұмысты жүйелі жүргізу, ең бастысы осының барлығына мемлекеттік қолдаудың болған жағдайында 2020 жылға дейін облысымызда қант қызылшасының көлемін 500 мың тоннаға жеткізу жоспарымыз бар, - деп түйді А.Баталов.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары