Калачи ауылының 23 отбасына жаңа пәтердің кілті табыс етілді (ФОТО)

15 Қазан, 2015 10:52
Калачи ауылының 23 отбасына жаңа пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігі.

Айта өтейік, құрамында 27 адам бар 16 отбасыға Державинск қаласында салтанатты түрде жаңа пәтердің кілті тапбыс етілді. Аталмыш қалада «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Калачи мен Красногорск ауылдарының тұрғындарын көшіру үшін  75 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй пайдаланылуға берілді.

Құрамында 13 адам бар 7 отбасыға көбіне зейнерктереге Есіл ауданының Заречное ауылында жиһазы бар үйлер пайдаланылуға берілді. Ал, 8 пәтерлі тұрғын үйді  «Заречный»ЖШС өз күшімен қалпына келтірді.

Үш бөлмелі пәтерге ие болған Виталий Радченко, жергілікті басшылыққа Калачи ауылдарының тұрғындарын көшіруге көмектескені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, жаңа пәтері өте жылы және жиһазы бар екенін атап өтті.

Айта кетерлік, бүгәнде Калачи ауылынан 96 отбасы көшірілді.  Көшіру алдында жергілікті әкімдік тұрғындарға болашақ баспаналарын көрсеткен.

Бүгінде Калачи мен Красногорск ауылдарының тұрғындарын көшіру үшін Есіл қаласында тағы 116 пәтердің құрылысы аяқталуда. Тұрғын үйді 2015 жылдың қараша-желтоқсан айында пайдалануға беру көзделген 

Барлық жаңалықтар