- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды
Қазақстанда Ұлттық инновациялар байқауы басталды
Байқауға мектеп оқушыларынан бастап ірі кәсіпорындарға дейін түрлі категориядағы өнертапқыштар мен рационализаторлар қатыса алады.
Байқау бес номинация бойынша өткізіледі: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал».
Байқаудың жалпы жүлде қоры 18 600 000 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, байқауда жеңіске жеткен оқушылар, журналистер, жас ғалымдар Ұлыбританияға білім беру бағытындағы сапарға бару мүмкіндігіне ие болады.
«Үздік жас ғалым» номинациясындағы жеңімпаз Лондонда өтетін FameLab халықаралық ғалымдар байқауында ел атынан сынға түседі.
Қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 25 қазанына дейін «ТДҰА» АҚ-ның ресми сайтында www.natd.gov.kz онлайн қабылданады, оқушылар өз өтінімдерін 2015 жылдың 22 қарашасына дейін жолдай алады.

-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері