• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Жақыпов пен З.Патарадзе Қазақстан мен Грузияның ынтымақтастығын талқылады

Қ.Жақыпов пен З.Патарадзе Қазақстан мен Грузияның ынтымақтастығын талқылады

14 Қазан, 2015 16:49
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зураба Патарадзені қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстандық-грузиндік ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылады.

Зураб Патарадзенің атап өткеніндей, Қазақстан Грузияның ең ірі инвесторларының бірі. Аталған елде 100-ге жуық қазақстандық компаниялар тіркелген.  

Қ. Жақыпов пен З. Патарадзе өзара іс-қимыл басымдықтары туралы сөз еткенде Қазақстан Президентінің 5 институтционалдық реформаларын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Азиядан Еуропаға кедергісіз жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Еуразиялық трансконтиненталдық коридор» жобасына Қазақстан мен Грузияның қатысуы төңірегінде әңгіме қозғалды.  

Кездесу иелері екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін де назардан тыс қалдырмай, екі ел парламенттерінде жұмыс істейтін бейінді комитеттер мен достық топтар арқылы қарым-қатынасты нығайта түсу керектігін алға тартты.    

Барлық жаңалықтар