• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қытайдың Сюйвэй ауданы тауарларымызды әлемдік нарыққа шығаруға көмектеседі

Қытайдың Сюйвэй ауданы тауарларымызды әлемдік нарыққа шығаруға көмектеседі

14 Қазан, 2015 16:19
Жібек жолы бойындағы Сюйвэй ауданы Қазақстан тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Қазақстан Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Айтуған Омаров Қытай делегациясымен өткен кездесуде.

 «Біздің кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тауарларды экспорттай алады. Бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетінің дамуына жаңа серпін береді. Бұған елдің тауарларын орналастыру керек деп ойлаймын, себебі Ляньюньган бұл жаңа ірі логистикалық орталыққа айналады. Ляньюньган ол порттық қала. Онда Жібек жолы бойында орналасқан барлық 11 ел өз тауарларын ұсынатын болады. Таныстыру орталығы салынып болды. Бүгінгі таңда Қытай тарапы Қазақстанға 500 шаршы метр алаңды ұсынуға дайын. Шарттар әлі талқыланады. Бұл салада Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздердің нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Біздің бәсекелестікке қабілетті негізгі екі сала – тағам мен ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталады. Қазіргі таңда Қазақсанда 2000-ға жуық экспорттаушы бар, сондықтан кәсіпкерлеріміз дайын, олар сату нарықтарын іздейді», - деді Айтуған Омаров.

Осылайша, егер бүгін Қытай тарапы ұсынған ұсыныстар қабылданса, Жібек жолы бойында Қазақстан мен Қытай арасында сауда-саттық жандана түспек. 

Атап өтсек, Сюйвэй жаңа экономикалық ауданы шығысында Сары теңізбен ұласып, Жапония және Корей елдерімен шекараласады. Жібек жолы тармағында орналасқан елдер арасында экспорттық-импорттық сауда ынтымақтастығын дамыту мақсатында Ляньюньган қаласында жыл бойы қызмет ететін 30 мың шаршы метр алаңда «Жібек жолы павильоны» жобасы жасалған. 

 

Барлық жаңалықтар